ЭНЕРГЕТИКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлының төрағалығы мен облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Исақов Ғалым Исабайұлы энергетиктер мерекесіне орай, сала мамандарын қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және өңір халқын жылумен, жарықпен үздіксіз қамтамасыз етуде ерен еңбек сіңіргені үшін энергетика министрінің, әкімдіктің атынан алғыс хатымен, сондай-ақ төс белгілерімен марапатталды.
Құттықтау барысында Қанатбек Қайшыбекұлы энергетиктерге өз жұмыстарын шеберлікпен атқарып, абыройлы қызметтері үшін зор алғыс айтып, алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қоса беретіндеріне сенім білдірді.
-Басты мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсетіп, тұрғындарды үзбеліксіз электр жарығымен қамтамасыз ету болып табылады. Сіздер осы бағытта уақытпен санаспай, еңбек етіп келе жатырсыздар. Алдағы уақытта да осындай жауапкершілікпен, өз міндеттеріңізді мінсіз атқаруға тілектеспін, — деді атап өтті.
Comments (0)
Add Comment