Ясауи жайлы фильм түсірілуде

Өзбекстан Республикасы «Ózbekkino» Ұлттық агенттігі Қожа Ахмет Ясауи жайлы «Мерос» атты фильмнің түсірілім жұмыс­тарын бастады.
Кино туындының көз­деген мақсаты – 2018 жыл Қазақстандағы Өз­бекстан жылы, ал 2019 жыл Өзбекстандағы Қазақ­­стан жылы аясында еларалық достық пен ынтымақтастықты, түркі халықтары арасындағы бауырластықты насихаттау екен.
Фильмге өзек болған оқиға – өзбекстандық Бахшилло атты ақсақал немересімен бірге Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуге жолға шығып, жол-жөнекей қазақтың қонақжайлығы мен ба­уырмалдығы, екі ха­лықтың бір-біріне деген мейірімі жайлы әңгімелеп, әкесі Абдулланың Сәрсен атты қазақпен достығы, ол аң аулау кезінде әкесін өлімнен құтқарғаны, А­бдулла мен Сәрсен бір-бірімен айнымас дос бо­лу­ға серттескені жайлы ес­­теліктер негізінде түзіл­ген.
Бахшилло ақсақал Қа­зақстан шекарасына кір­геннен кейін байырғы досы Оралбайдың шаңы­рағына қонақ болады. Дом­бырамен ән айтып, сыр шертіскен соң Оралбай досы мен немересіне ат-түйе мінгізіп, Түркістанға шы­ғарып салады. Сөй­тіп жолға шыққан өз­бек ақсақалы жол бойы не­мересі Анварға Қожа Ах­мет Ясауидің тарихы һәм Түркістан жайлы қы­зықты әңгімелер айтады. Бұның бәрі көркем сюжет пен туындыға өзек болады.
Фильм соңында, жолаушылар Түркістанға келіп, Ясауиге құран ба­ғыш­тап, зиярат жасай­ды. Мамандардың ай­туын­ша, фильм қызық­ты оқи­ғалармен сабақтас­тырылған, мазмұны да терең. Туынды режиссері Хилол Насимовтың айтуынша, кино 2021 жылы жарыққа шығады.
Comments (0)
Add Comment