«Видеода қан-жоса болғанымды көріп тұрсыздар ғой»: «Меломен» әншісінің бұрынғы әйелі оның ақталғанына жауап берді

 ашық дереккөз

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақбергенді ұрды деп айыптағанына жауап беріп, өз шындығын айтып, жеке парақшасында видео жүктеген болатын. Онда ол бұрынғы әйелін ұрмағанын, ұрыс кезінде қолы тиіп кеткенін тілге тиек еткен еді. Алайда Нұрила оның айтқанының түгелі шындыққа жанаспайды дейді.

«Соңғы видео маған да жетті. Айтып жатқан әңгімесінің бәрі шындыққа жанаспайды. Ол осы уақытқа дейін мұрнымды сындырғанға дейін мені ұрып келген. Оған куәгер адам көп. Өте көп. Ол – бір. Екіншіден мен поликлиникаға кеткен кезде мұрын тексертуге ол келіп мені алып кеткен жоқ. Мен онымен барған жоқпын. Мен содан кейін онымен айлап сөйлескен жоқпын. Ол содан соң гүлін, шоколадын әкеп, кешірім сұрап жүрді. Иә, сіңлім мен күйеубаламнан да кешірім сұрады. Бірақ оған дейін ұрған емеспін дегені – өтірік», – дейді Нұрила.

Сондай-ақ ол қолы жай тиіп кеткеннен ерні ісіп, мұрны сынбайтынын айтты.

«Олай ұрғаннан менің ернім мынадай болып ісіп кете ме? Мұрным сынады ма? Айтыңыздаршы, әшейін «Қой» дегеннен солай бола ма? Ол мені ұрды. «Қолым тиіп кетті» дегенге келмейді. Ернімнің ісіп, мұрнымның сынуы қол тиіп кеткеннен болған жоқ. Қалайша олай айтуға болады? Ол демек достарына да өтірік айтып жатыр. Видеода қан-жоса болғанымды көріп тұрсыздар ғой», – дейді әншінің бұрынғы әйелі.

https://turkystan.kz/article/244686-videoda-kan-zhosa-bolganymdy-korip-tursyzdar-goi-melomen-nshisinin-buryngy-ieli-onyn-aktalganyna-zhauap-berdi

Comments (0)
Add Comment