“Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғариннің кандидатурасы келісілді”, – делінген мәжіліс хабарламасында.
Серік Жұманғарин 2023 жылдың қыркүйегінде сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылып, премьер-министрдің орынбасары қызметіне келген еді.
Фото: Мәжіліс
https://stan.kz/serik-zhymangarin-ylttik-ekonomika-ministrligin-baskaradi-mazhilis-kandidaturani-makyldadi-411486/