Ведомстволық сараптама – жол жөндеу жұмыстарына серпін береді

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» негізгі міндеті – жол сапасын арттыру. Дәлірек айтқанда, автомобиль жолдарын қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстарды тексеру, пайдаланылатын жол құрылыс материалдарының сапасын сараптау сондай-ақ жол активтерін басқару.

Мамандар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы және елді мекендер мен қалалардың көшелеріндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташаға жөндеуге ведомстволық сараптама да жүргізеді. Ал бұл сараптама тапсырыс берушінің өтініші бойынша бағалау әрекеттері мен қорытындылар жүйесі болып табылады.

— Ең әуелі тапсырыс беруші арнайы ведомствалық сараптама порталына техникалық құжаттаманы жүктейді. Содан соң, филиал маманы оны қарап орталыққа жібереді. Шын мәнінде, барлық жұмыс портал арқылы жүзеге асады. Осылайша, порталдың көмегімен тапсырыс беруші қай стадиада тұрғанын көре алады. Әлбетті, құжат орталықтан кейін комитетке бекітілуге ұсынылады, — дейді мемлекеттік есеп инженері Мақсат Күлпешов.

Comments (0)
Add Comment