Ұстаз-ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие мен болашаққа бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы 45 қазақ мектеп гимназиясының ұжымы ұзақ жылдар қызмет еткен ардагер ұстаздардың басын қосып, құрмет көрсетті. Бұл туралы «08info» ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Ұстаз аты — биік әрі мәңгілік» атты мерекелік іс шараға 36 ардагер ұстаз келді. Олардың 14-і Қр Білім беру ісінің үздігі, 1-еуі ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, 1-еуі Ы. Алтынсарин атындағы медалінің иегері. Мерекелік іс-шара барысында оқушылар әсем әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, сахналық қойылымдар қойды. Ұлағатты ұстаздар өткенге көз тастап, бастан өткерген қызықты оқиғаларымен бөлісіп, кештің шырайын аша түсті.
Игенбаев НҮСІП / ардагер ұстаз /