«Ұранды ердің — ұрпағы қайсар»

Жас ұрпақты Отанын сүю, патриоттық тәрбие беру мақсатында кітапхана қызметкерлері 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің білімгерлерімен «Ұранды ердің — ұрпағы қайсар» ерлік сағатын өтті.

Іс-шарада ардагерлеріміздің ерліктері таныстырылып, жерлес батырларымыздың бейбіт күннің қаһармандары жайлы көптеген ақпараттар айтылды. Білімгерлерге Отанға деген сүйіспеншілікті, елге деген адалдықты терең сезіндіру мақсатында Қазақстан Қарулы Күштерінің кешегі мен бүгінгі жай-күйін ашатын кітаптар мен мерзімді басылымдар таныстырылды.

Патриоттық рухты көтеріп, жүректерге отансүйгіштік сезім ұялатқан бұл шара – ерліктің, бірліктің және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын мазмұнды мереке болды.

 

Comments (0)
Add Comment