Көбі Жаңаарқа ауданының ауылдары. Күн күрт жылынса елді мекендер су астында қалуы мүмкін. Биыл өңірде қар қалың түсті. Облыстың солтүстік бөлігінде тоңның қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Қазір өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, арық-атыздарды тазалап, қажетті инертті материалдар мен техникалық құралдардың қорын жасақтап жатыр.
Бүгінгі таңда 270 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда. Сонымен қатар жол ұйымдарының қызметкерлерімен 600-ге жуық су өткізу құбырлары және көпірлер тазаланды. Негізгі қауіп 15-наурыздан бастап күндіз де, түнде де ауа температурасының жылынуы күтілуде. Бізде қазір дайын штаб құрамы бар. Қажет болған жағдайда, қауіп төнген жағдайда сол штаб құрылып, дереу іс-шаралар қабылданады, — дейді Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы Әлібек Әбілов.
https://turkystan.kz/article/240704-lytauda-25-eldi-mekendi-su-basu-aupi-bar