Ұлын грантқа түсірмек болған тараздық тұрғын сан соғып қалды

Ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген Тараз тұрғыны танысына алданып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 11 тамызда Тараз қаласының Полиция басқармасына Түймекент ауылының тұрғыны арыз қалдырған.

Жәбірленушінің сөзінше, 28 шілде күні ұлын Алматы қаласының белді университеттерінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 мың теңге берген.

«Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/230407-kesipkerlerdi-syyaky-beruge-mezhburlep-kelgen-alayak-ustaldy/
Comments (0)
Add Comment