ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ҮНІ ЖЫРЛАНДЫ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Түркістан ауылдықокругінеқарастыӘшір Бүркітбаев ауылында «Желбіре, Жеңістің жалауы» атты өнер фестивалі өтті. Кешке қатысқан аудандық ардагерлер кеңесі пленумының мүшесі Татубай Айбеков құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тыныштығын тіледі. Сондай — ақ, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында өтіп жатқан кештің мәні тереңде екенін айтты.
Жеңістің жыры ескен шарада арнайы көрме ұйымдастырылып, көпшілікке ұсынылды. Сонымен қатар, ауылдың өнерпаздары Жадыра Оразымбекова «Ел аман болсын», «Туған жерім тамаша», «Әжелер» тобы «Катюша», «Көзімнің қарасы», Қолғанат Темірбекқызы «Синий платочек», Еңлік Нұрсұлтан «Жақсы адамдарым», Жанар Әбен «Жойылсын соғыс», Бекнұр Қыдырәлиев «Жақсы адамдар», «Туған жер» әндерін орындаса, «Шашу» бишілер тобы «Қазақ биі», «Катюша биі», бишілер тобы «Үнді биі», «Өзбек биі» мың бұрала биледі. Гүлсана Түймебайдың «Жеңіс күні» монологі көпшілікті ерекше әсерге бөледі.
Comments (0)
Add Comment