Сәду Шәкіров ауылында «Ұлы Дала жорығы» республикалық бәйге марафонына қатысушы Таластық шабандоздар марапатталды.
Ауылдық округ әкімі Ринат Ертайұлының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада Сәду Шәкіров ауылының жастары команда шабандозы Самат Абжановқа бір жылқы мінгізіп, иығына зерлі шапан жауып, басына бөрік кигізді.
Тамабек ауылы тұрғындарының атынан команда өкілі Бекбол Сатыбалдиевке бір жылқы, шапан бөркімен, 100 мың теңге және Сәду Шәкіров ауылы тұрғындарының атынан бір жылқы сыйға тартылды.
Еске салар болсақ, Елордадан Түркістанға дейінгі 1200 шақырымды артқа тастап, мәреге төртінші жеткен Әулиеаталық құрам сапында Таластық Желеубаев Олжас, Абжанов Самат, Күмісбек Бекдос, Байшонов Олжас, Саймасаев Олжас сынды шабандоздар болатын.
Осылайша Әулиеаталық шабандоздар 6 000 000 теңге көлеміндегі сыйлықты қанжығалады.