Ұлы Абайдың 181 жылдығына орай тағзым жасалды

Таразда ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті.
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақын рухына тағзым етілді. Шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.
Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы – ұлттық құндылықтарымыздың ажырамас бөлігі. Оның «толық адам» философиясы, ғылым мен білімге, өнер мен еңбекке шақырған өсиеттері ұрпақ тәрбиесінде айрықша орын алады.
Comments (0)
Add Comment