2023 жылы Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде барлығы 54156 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту, оның ішінде 32093 адамды тұрақты жұмыстарға орналастыру жоспарланып отыр (оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 855 адам, жастар практикасымен – 3044 адам, ақылы қоғамдық жұмыс – 8247 адам, «Алғашқы жұмыс орнына» – 574 адам, «Күміс жас» -747 адам, «Ұрпақтар келісім шарты» – 29 адам, қысқа мерзімді 3 айлық оқыту -1241 адам, грант – 1054 адамға беру, мүгедектерге арналған әлеуметтік жұмыс орны – 11 адам, онлайн оқыту – 2261 адам, «Бастау Бизнес» оқыту курстарына-4000 адам, жастарға шағын несие – 347 адам).
Президент Жолдауына сәйкес жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға 2023 жылдан бастап жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Осыған сәйкес жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге кредиттер беруге Еңбек министрлігіне 2023-2025 жылдарға 1084 жасқа бюджеттік өтінім жолданды
Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес аз қамтылған отбасыларына жәрдемақылар төлеу бағытында да түбегейлі оңды өзгерістер орын алуда.
Жамбыл облыстық жұмыспен қамту басқармасы