ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ — ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ

Отбасы – әрбір бала үшін алтын бесік. Баланың өмірге деген көзқарасы, мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттері ең алдымен отбасында қалыптасады. Ата-ана – баланың алғашқы тәрбиешісі, ал ұстаз – оның білім мен тәрбиесін толықтырып, бағыт- бағдар беретін тұлға. Сондықтан бала тәрбиесінде мектеп пен ата- ананың ынтымақтастығы бір-біріне ауадай қажет.
Осы орайда, бүгін Маятас ауылындағы Донда Сенбин орта мектебінде «Бала тәрбиесін ұлттық құндылықтарда тәрбиелеудің бастауы –отбасы мен мектеп» тақырыбында ата- аналар форумы өтті. Алдымен келушілер мектеп оқушыларының қолөнер мен ұлттық нақыштағы көрмелерді тамашалады. Форумға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков құттықтау сөз сөйлеп, бала тәрбиесінде ата — аналардың рөлі туралы тоқталды. Мұнан соң аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов та жылы лебізін арнады. Сонымен қатар, бірқатар ата- аналарға аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарын тапсырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Донда Сенбин орта мектебінің директоры Дина Бесимбаева, аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция қызметінің аға полиция майоры Жандос Амангелдиев және ата –аналар комитетінің төрағасы Нұржан Қойшыбаев баяндама жасады. Форум соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ауылдың өнерпаздары өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне ие болды.
Comments (0)
Add Comment