Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Осының негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін қалады. Бұл бертін келе шынайы спорт түрлерінің шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан оларды ұлықтау – ұрпақ парызы.
Шара соңында сайыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Аталмыш фестиваль алдағы уақытта да жалғасын табады.
Тараз қаласының әкімдігі