Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балдары жарияланды

Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы талапкерлер үшін ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады. Тестілеу форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер барлығы 5 пән тапсырады, оның үшеуі міндетті және екеуі бейіндік пән.
Міндетті пәндер бойынша шекті талаптар:
Математикалық сауаттылық — 10 тапсырма, шекті балл: 3
Оқу сауаттылығы — 10 тапсырма, шекті балл: 3
Қазақстан тарихы — 20 тапсырма, шекті балл: 5
Бейіндік пәндер:
Екі пәннен барлығы 40 тапсырма беріледі. Әр пән бойынша ең жоғары балл — 50, шекті көрсеткіш — 5 балл.
Жалпы талапкер шекті ұпайды жинау үшін барлық пәннен ең төменгі көрсеткіштерді орындауы тиіс.
Comments (0)
Add Comment