Ұлттық банк сақ стиліндегі монеталарды айналымға шығарады

Қазақстан Ұлттық банкі «Сақ стилі» айналымдағы биколорлы монеталарын айналымға шығарады деп хабарлады turkystan.kz.

«Сақ стилі» монета бағдарламасының идеясы Қазақстан халқын монеталар коллекциясын жинауға белсенді түрде тарту, мәдени-тарихи және ағартушылық құндылықтарды алға тарту, сондай-ақ отандық монета өндірісін танымал ету болып табылады.

Сақ стилі – Еуразия даласының кейінгі қола және ерте темір дәуірі мәдениетіндегі жануарлардың бейнелерін орындаудың ерекше тәсілі.

«Сақ стилі» айналымдағы биколорлы монеталары туралы

Номиналы 100 теңгелік, массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм болатын әр түрдің 1 000 000 (бір миллион) данасымен, жалпы таралымы 5 миллион данамен uncirculated дайындау сапасымен нибрасс/нейзильбер қорытпасынан жасалған биколорлы айналыстағы монеталардың бес түрі.

1. «Бұғы». Жалаулы көмбесі. Жетісу (біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғғ.). Көшпенділердің дүниетанымындағы бұғы – төменгі және жоғарғы әлемдерді біріктіретін символ.

2. «Қанатты барыс». Есік қорғаны (біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғ. соңы). Қар барысы – ерлік пен байлықтың символы.

3. «Маска». Шілікті. Шығыс Қазақстан (біздің дәуірімізге дейінгі VIII–VII ғғ.) Отбасы – ошақ қасын қорғайтын үш кескіннің бейнесі – мысық тектес жыртқыш, екі арқар және ұшатын құс маскасы.

4. «Бұғы түріндегі алтын әшекей», Жалаулы, Жетісу (біздің дәуірімізге дейінгі V–III ғғ.). Қызыл бұғы бейнесі – молшылық пен ұрпақ жалғастығының символы.

5. «Бүктетілген барыс». Талды-2. Орталық Қазақстан (біздің дәуірімізге дейінгі VII ғ.). Бүктетілген барыс фигурасындағы сақина пішіні – уақыттың ауысымдық және сыртқы әлеммен үйлесімділік символы.

«Сақ стилі» монеталары Қазақстан Теңге сарайында дайындалды.

Comments (0)
Add Comment