ҰЛТ БІРЛІГІ, БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен жүзе асырылып жатқан «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында жұмысшы топтары Қонаев пен Ескі Шу, Жаңа жол, Бірлікүстем, Ақтөбе ауылдық округтерінде болып, жергілікті халықтармен кездесті
Кездесу барысында облыс орталығынан келген меймандар тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге құлақ түріп, қажетті кеңестер берді.
Атап айтқанда аудандық аналар кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізіп ұйымның жұмысымен танысты. Сондай-ақ жастармен білім беру, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу жөнінде мотивациялық жүздесулер ұйымдастырылды.
Сол секілді Қонаев атындағы орта мектебінде өткізілген «Менің елім, Менің Қазақстаным» атты оқушыларға арналған тимбилдинг көздеген мақсатына жетті. Онда топ мүшесі Е.Қаншимбеков жастар арасындағы толеранттық деңгейін анықтау және қарым-қатынас этикасын қалыптастыру жөнінде мәлімет ұсынды. Сондай-ақ өңірдегі этносаралық ахуалдың негізгі аспектілерін анықтау мақсатында Р.Ерханұлы мен Е.Қаншимбеков фокус-топтық зерттеулер жүргізді.
Жұмысшы топ сапардың алғашқы күні түрлі ұлт өкілдер шоғырланған елді мекендерге барды. Атап айтқанда этностар жинақы тұратын елді мекендердегі әр қилы мәселелер бойынша кеңестер беріліп, пікірлер тыңдалды. Сонымен бірге оларға қазақ тілді платформасы таныстырылды.
Қазіргі таңда тұрғындарды алаңдатқан түйткіл көп. Оларды тыңдау үшін жұмысшы топтың мүшелері бірқатар кездесулерге барды. Мұндай жиындар Төле би мен Бірлікүстем, Бәйдібек, Балуан Шолақ, Ақтөбе, Белбасар, Жаңа жол ауылдарында ұйымдастырылды.
Жиында ауыл тұрғындары алаңдатқан мәселелерін ортаға салып меймандарына өз сауалдарын жолдады. Ауылдықтардың мұңын мұқият тыңдаған жұмыс тобы әр өтінішті назарға алып, сұрақтарға жауап қайырды.
Жоба аясында келген облыс әкімдігіне қарасты басқарма басшылары мен мекеме жетекшілерінің бірінші күнгі жұмыс кестесі тығыз. Жоспарланған кездесулер мен шаралар ертең жалғасын таппақ.
Шу ауданы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment