Қазір елімізде түзеу мекемелерінде кәсібін ашамын деген іскер азаматтарға жеңілдік көп. Қажетті ғимарат тегін беріледі. Жұмыс қолы да арзан.
Өмірде шалыс басып, жазасын өтеп жатқан жандарды еңбекке тарту мақсатында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде «ашық есік» күні мен сотталған азаматтардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді.
Түзеу мекемесінің өндірістік аумағында кәсіпкерлерге арналған жайлар қарастырылған. Онда өзісін ашып, жазасын өтеушілерді еңбекке тартуға ниетті жандарға барлық жағдай жасалған. Шалыс басып, жаза арқалағандар түрмеде өндірістік цехтар ашылып жатса, еңбек етуге дайынбыз деп құлшынып отыр.
Мекеме басшылығы кәсіпкерлер үшін барлық жағдайды жасауға әзір отыр. Оларға кәсібін жүргізуге ыңғайлы ғимарат беріледі. Қала аумағында орналасқандықтан, дайын өнімді тасымалдау да тиімді болмақ. Түзеу мекемесінеде кәсіпкерлікті дамытуға ниет білдіріп отырғандар да бар.
«Ашық есік» күніне келіп, өздеріне жасалған тиімді ұсынысқа көз жеткізген кәсіпкерлер темір тордың арғы жағынан өз істерін ашуға дайын екендерін жеткізді. Демек жаңа жұмыс орны да ашылады. Осы арқылы іскер азаматтар тек табыс тауып қана қоймай, облыс экономикасының дамуына да үлес қосады.