ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Су шаруашылығы және ирригация» Қазақ ұлттық университеті және М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті ретінде қайта құру жұмыстарын жүргізуде.
Осыған байланысты, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің өкілі Есмаханов Бауыржан Мейрамбекұлы бастаған жұмысшы топ ауданымызға келіп, кәсіби бағдар және жаңадан құрылатын Ұлттық университетке мектеп бітірушілерді қабылдау бойынша тұрғындарға кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Comments (0)
Add Comment