Түсін, шеше!
Мен емес жаман бала,
Ренжіме маған да, заманға да!
Қарызынан Отанның құтылайын,
…Отан деген ~ маған да, саған да Ана!
Қи мені Отаныма, алаңдама.
Мен сенің ұлыңмын деп кіл мақтанам.
Кешір, Ана!
Бір сенің еркең болмай,
Отаныма ұл болу ~ қымбат маған.
Сеніменен Отаным егіз деймін,
Сенен ~ Отан, ал Отаннан ~ сені іздеймін.
Отаныма бер мені басы бүтін,
Нашар әйел тапқан ұл дегізбеймін!..
Мұқағали Мақатаев…..