Таразда түрмеге тыйым салынған зат алып кірмек болған азаматтың әрекеті әшкереленді. Оқиға Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде болған.
Мекеме аумағына құрылыс заттарын алып келген «ROLA» ЖШС-нің көлігін тексеру барысында режим бөлімінің бақылаушысы Н. Жұрымбай мен №5513 әскери бөлімінің қызметкерлері «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі, 1979 жылы туған М. А. есімді азаматтан 2 500 теңге, 3 дана СИМ-карта мен 1 USB шнур тапқан.
Тыйым салынған заттар тәркіленіп, арнайы сақтауға қойылды. Аталған жағдайға байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481 бабы 1 тармағы бойынша хаттама толтырылып, іс материалдары әкімшілік сотқа жолданды.