Түркиядағы жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадиярова Қазақстанға оралды. Бұл туралы Cыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Ол ауруханада болған кезде біздің консул онымен үнемі байланыста болды. Қыздың жанында туыстары да болды. Ол Қазақстанға келді. Бірақ ол мазасын алмауды өтінді. Оның пікір айтқысы келмейді. Біз оның оралуына көмектестік. Ол Анталия-Алматы рейсімен елге жеткізілді», – деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифингте.
Министрлік өкілінің айтуынша, бүгінде Сабинаның жағдайы тұрақты.
Еске салсақ, 8 ақпанда Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Қазақстан азаматы Сабина Мамадиярова үйінді астынан аман табылған еді.
https://turkystan.kz/article/215732-turkiyadagy-zilzaladan-aman-kalgan-kazak-kyzy-elge-oraldy/