Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны артты

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандардың саны 28 мыңнан, ал зардап шеккендердің саны 80 мыңнан асты деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

1 миллиондай адам уақытша орталықтарға орналастырылған.

«БҰҰ қос мемлекетте табиғат апатынан қаза тапқандар 40 мыңға жетуі мүмкін. Себебі үйінділер әлі толық ашылып біткен жоқ.

Түркияда зілзала салдарымен күреске 100-ден аса ел құтқарушыларын жіберді. Іздестіру шаралары күні-түні жүріп жатыр. Енді бізге табиғат апатынан зардап шеккендерге жан-жақты көмектесуге күш салуымыз қажет. Бұл мәселені назардан тыс қалдырмауымыз керек», – дейді ұйым басшысының орынбасары Мартин Гриффитс.

https://turkystan.kz/article/213290-turkiya-men-siriyada-zilzaladan-kaza-tapkandar-sany-artty/
Comments (0)
Add Comment