Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап, көз жұмды (видео)

Белгілі болғандай, оқиға 13 тамыз күні сағат 19:18-де «Жаңа қала» шағынауданында 11 көшеде орналасқан 6/12 үйде орын алған. Жөндеу жұмыстарына байланысты лифтінің кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. 1949 жылы туған зейнеткер Қ. Ахметова 3-қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.

Ал 5-қабатта тұрғын үйдің лифтілерін жөндеумен айналысатын «Lift Pro servis» компаниясы жеделсатыны жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

«Үйдің тұрғындарына жөндеу жұмыстары туралы хабарланды. Үйді «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС салған. Қ. Ахметова осы үйдің 1 бөлмелі пәтерінің иесі. Ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде», – делінген ақпаратта.

Облыстық полиция департаменті істің мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Ресми ақпаратты тергеу жұмыстары аяқталған соң жарияламақ.

https://stan.kz/turkistanda-74-zhastagi-zeynetker-lift-shahtasina-kylap-386650/
Comments (0)
Add Comment