ТЖМ-нің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізіледі

Бас прокуратура Абай ауданындағы өрт фактісі бойынша бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің жұмысын тексереді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Марат Ахметжанов 14 адамның қазасына алып келген ормандағы өртке қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Тергеу жүріп жатыр, әзірге үш нұсқа бар. Іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Бұл топта ІІМ қызметкерлері де бар. Құзырлы органдар қасақана өртеу, немқұрайдылық және найзағай жарқылына қатысты үш нұсқаны қарастырып жатыр. Тергеуге екі ай уақыт берілді», деді Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар,  ведомство басшысы экс-министр Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізілетінін айтты.

«Өкінішке қарай, төтенше жағдай кезінде адамдар көз жұмды. Сондықтан барлығы қылмыстық іс аясында тексеріледі», – деді Ішкі істер министрі.

https://turkystan.kz/article/225577-tzhm-nin-buryngy-basshysy-yuriy-ilinge-katysty-tekseru-zhurgiziledi/
Comments (0)
Add Comment