«Тым ерсі секілді». Мөлдір Мұқанованың биі жұртқа ұнамады

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Мөлдір Мұқанова желіде қызымен билеген видеосын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқырмандар өнер иесінің ерекше талантына тәнті болған. Мөлдір Мұқанова аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Видеода продюсердің қызымен заманауи би билеп жатқанын көруге болады. Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі мен қызының биі желіде бірден қызу талқыға түсті. Бірі анасы мен қызының өнеріне тәнті болса, енді бірі Мөлдір Мұқанованы сынап үлгерген.

«Өнерлі отбасы. Мөлдір ханым, жас қыздайсыз», «Билейді деген сайын билей бергені несі?! Мөлдірге жараспайды», «Мамасы қайта қызы сияқты», «Пластикаларыңыз топ», «Бәрі келеді қолдарынан», «Мөлдірдікі тым ерсі секілді. Жасына сай дүние жасау керек сияқты», — деп жазуда көпшілік.

Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.

Оқырман пікірі қақ жарылған.

Сабина Асқарқызы

фото ақпарат осы сілтемедегі материалдан алынды.

https://malim.kz/article/show-business/tym-ersi-sekildi-moldir-muqanovanyn-bii-zurtqa-unamady-26812?fbclid=IwY2xjawHDxiJleHRuA2FlbQIxMAABHecrjw8PvCLCrVYv7IlbtZBZzqNYoor4BaVFdZ5_3jK-TxRYVS2RtibueQ_aem_LXO082yP_ETts3SoyZjmDw

Comments (0)
Add Comment