Тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы аналардың үйінде болды

Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Jas Otan» жастар қанаты мен Жастар басқармасының жанындағы облыстық волонтерлар қозғалысы бірлесе #BIZBIRGEMIZ акциясы аясында тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы аналардың үйінде болды. Оларға азық-түлік, жеке гигиеналық заттар үлестірді. Арнайы жабдықталған қорапшаларға салынып,  таратылды.  Сондай-ақ, тұрғындарға вирустың жұғу жолдары жазылған арнайы флаерлер берілді.
Бүгінгі күні 20 отбасына қорапшалар үлестірілді. Бұл шара Жамбыл өңірінде әлі де жалғасын табатын болады. Алда аймақ бойынша 500-ден астам отбасыға бару жоспары бар.
Аталған акция мереке күндері де жалғасын табады. Қазір көпшілік орындарда кезек, көшелерде кептеліс көп. Тұрғындар карантин кезінде қамдануды қолға алғандықтан сауда орындарында халықтың қарасы аз емес. Осындайда үйінен тысқа аттап басудың өзі мұң қариялар мен шеттей бала-шағасынан шыға алмай отырған ата-аналарға көмек  керек.
Comments (0)
Add Comment