Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашқаны үшін қандай жаза алды?  

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың әскердегі ұлы әскери бөлім бастығының бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әскери бөлім бастығының белгіленген тәртіппен берілген бұйрығын орындаудан ашық бас тарту – әкімшілік құқықбұзушылық жасаған қатардағы жауынгер Нұрасыл Болатқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2 шілдеде әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Н.Болат Алматы гарнизоны гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес өзінің әскери бөліміне баруға міндетті болған. Алайда ол оған бөлімше командирінің лейтенант А. берген бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тартып, Әскери полиция басқармасының ғимаратына келген автокөлікпен белгісіз бағытта кетіп қалған.

«Сот Б.-ны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 652-бабы 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды», – деп хабарлады соттан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

https://turkystan.kz/article/227241-turlyhanovtyn-uly-eskeri-bolimnen-kashkany-ushin-kanday-zhaza-aldy/
Comments (0)
Add Comment