Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес аудан әкімі Әлихан Балқыбеков Күшаман, Көкжелек, Жамбыл ауылдарына арнайы барып, тұрғындармен кездесті.
Жиынға аудан әкімдігінің тиісті мекеме, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.Жиында ұзын сонар баяндамалар оқылмай, тек сұрақ жауап форматында өтті.
Жиын барысында ауыл тұрғындары ветеринария саласына, ауыл көшелеріне кешкі жарық орнату,ауыл тазалығы, көше жарығы, жайылымдық жер және ауыз су, егін су бойынша сауал-ұсыныстарын жеткізді.
Тұрғындардың талап-тілектерін тыңдаған аудан әкімі Әлихан Балқыбеков сауалдарды сол жерден шешу жолдарын тұрғындармен талқылап, кейбір мәселелер бойынша бөлім, мекеме басшыларынан сұрап, тиісті заңдылықтарға сай шешілетінін айтты.