ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Өткен аптада аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков кезекті қоғамдық қабылдауды өткізіп, аудан тұрғындарының жеке мәселелеріне құлақ түрген болатын. Қабылдау барысында жеке мәселеден бөлек, тұтас ауылға қатысты түйткілдерді көтерген жерлестеріміз де болды.
Осыған байланысты, күн кеше Алға ауылдық округінде болып, қоғамдық қабылдауда болған тұрғындармен кездесті. Мұндағы тұрғындар аталған округтегі инфрақұрылымы жүргізілген жер телімдеріндегі жарықтандыру мәселесін көтеріп, оның оңды шешілуіне қолұшын беруін сұрады. Бұл мәселе назарға алынды, ендігі кезекті тиісті шаралар қабылданатын болады.
Сонымен қатар, аудан орталығының тұрғындарымен де кездесіп, толғандырған мәселелерін тыңдады. Көпқабатты тұрғын үйдегі көгілдір отын мәселесін көтерген жерлестеріміздің де ұсыныс-тілектері назарға алынды.
Шу ауданы
Comments (0)
Add Comment