Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №10 аумақтық округтің тұрғындарымен кездесті.
– Бүгінде округте қолға алынған ілкімді істер көңіл қуантады. Айталық, өткен жылы 14 көше жөнделсе, биыл 10 көше мен бұрылыстарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Сондай-ақ Целиноград, Қостанай, Байтұрсынов, Самарқанд көшелерінің жолдары да жаңғыртылуда. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады. Жол жөндеу жұмыстар аяқталғаннан кейін округтегі 28 көшеге ауыз су тартылады. Сонымен қатар тұрғындардың өтінішіне орай Д.Бедный, Абай, Аппаев, Кіші-Бесағаш, 1-бұрылыс Сыздықова көшелеріне және халықтың қауіпсіздігі үшін Лұқманов көшесінің бойындағы теміржол өткеліне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Бұған қоса былтыр 9 аялдама қойылса, биыл олардың қатары 6 аялдамамен толықты. Қазіргі таңда округтегі 234 көшенің 119-ында жарық шамдары орнатылған. Аталған мәселе жыл сайын кезең-кезеңімен өз шешімін тауып келеді. Соның дәлелі – биылдың өзінде 4 көше самаладай жарқырады, – деген Ескер Базарбайұлы келер жылға жоспарланған межелі міндеттерді де тілге тиек етті.
Тараз қаласы әкімдігі