Тұрғындар өтінішін тыңдадым

Бүгін Тараз қаласының бірқатар тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдадым. Қабылдауға келген азаматтар жер кезегі, тұрғын үй мәселесі бойынша сауалдар қойды. Сонымен қатар, жер телімін заңды бөлу, көше жарықтандыру, үй ауласындағы жабайы сауда нүктесімен күрес, №26 мектеп айналасына жаяу жүргінші жолын салу туралы сұрақтар жолдады.
Қабылдауға келген әрбір азаматтың сауалы назардан тыс қалмайды. Тұрғындардың сұрағын жауапты мамандарға тапсырып, заң аясында шешімін табатындығын айттым.
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімдігі
Comments (0)
Add Comment