Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады?

Қазақстанда аз қамтылған азаматтар мемлекет есебінен жәрдемақылар, әлеуметтік көмектер ала алады. Тұрғын үй көмегі де жалпы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға тағайындалады. Ол коммуналдық төлемдер мен мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алынған баспананы күтіп-ұстау шығындарын қамтиды. Мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚО-ға барып өтініш тапсыру керек. Өтінішпен бірге отбасының табысын растайтын құжаттар, жұмыс орнынан немесе жұмыссыз деген анықтама, коммуналдық төлемдердің түбіртегі және жеке куәлік болуы тиіс. Сонымен қатар egov.kz порталы арқылы онлайн алуға болады. Электрондық өтінішке қол қою үшін ЭЦҚ қажет. Қызметтің жауабы 8 жұмыс күн ішінде жеке кабинетке келіп түседі.
Жуалы аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі
Comments (0)
Add Comment