Қаратау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерде жылудың төмен деңгейде екендігі жайлы хабарлама түсуде.
Осыған орай жауапты мамандар шағым білдірген әрбір тұрғын үйді жеке-жеке аралап, тексеруде. Сондай-ақ, кезекші бөлім қызметкерлері дер кезінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Орталық қазандықтан жылу штаттық режимге сәйкес берілуде.
Талас ауданы әкімдігі