ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімдігінде бөлім мен мекеме басшыларының және ауыл әкімдерінің қатысуымен аппараттық кеңес өтіп, тұрғын үй саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы баяндама жасап, көппәтерлi тұрғын үйлердiң техникалық жағдайын жақсарту, жөндеуден өткен үйлердің қайтарым қаражаты бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар, «Бір үй — бір бірлестік — бір есепшот» қағидасын жүзеге асыру барысы да жан-жақты талқыланды.
Айта кету керек, өткен жылы көппәтерлi тұрғын үйлердiң техникалық жағдайын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар да атқарылды. Нақтырақ айтқанда, бүгінгі күнге дейін Шу қаласында көппәтерлі 34 тұрғын үй жөндеуден өтсе, оның 12 үйі биылғы жылы күрделі жөндеуден өтуде. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасын тауып, көпқабатты тұрғын үйлер жөндеуден өтетін болады.
Кеңес барысында бөлім тарапынан орын алған кемшіліктер де айтылып, оны ретке келтіру жұмыстарын талқыладық. Әсіресе, аудан орталығындағы бос тұрған көппәтерлі тұрғын үйлердің заңды иесін анықтау жұмыстарын мықтап қолға алу керектігі айтылды. Оған қоса, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын белсенді жүргізу үшін ақпараттандыру жұмыстарына көбірек көңіл бөлу тапсырылды.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкім
Comments (0)
Add Comment