ТҰМАУДАН САҚТАН

Жыл сайын күз-қыс мезгілдерінде жіті респираторлы вирусты инфекциялар мен тұмаудың маусымдық жоғарлауы байқалады.

Маусымдық тұмаудан сақтанудың ең тиімді құралы иммундау болып табылады, бірінші кезекте қауіп-қатер тобына жататын балалар, 2-3 кезеңдегі жүкті әйелдер, егде жастағылар, медицина қызметкерлері екпемен қамтылуы қажет.

Тұмауға қарсы вакцинация –  бұл нақты алдын алу. Уақытында алынған вакцина, вирус жұқтырған жағдайда, аурудың ауыр ағымынан және ықтимал асқынулардан сақтайды.

Тәуелді топтағы тұлғаларды – жетім балаларды, жиі ауыратындарды, жабық мекемелердегі егде адамдар мен қарттарды, жүкті әйелдерді иммундау үшін жыл сайын облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа тұмауға қарсы вакцина сатып алынады.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттің қаражаты есебінен 123000 доза тұмауға қарсы вакцина сатып алынып, қазіргі таңда аталған тәуелді топтағы тұлғаларды тұмауға қарсы егу кампаниясы басталып кетті.

Тұмауға қарсы екпеден басқа, ЖРВИ және тұмаудың арнайы емес мынадай алдын алу шаралары бар:

— халықтың көп жиналған жерде болуды шектеу;

— халық көп жиналған жерде, жабық жайларда бір реттік бетперделер кию;

— ауру белгілері бар науқастармен мүмкіндігінше қатынасты азайту;

— қоғамдық көлікпен және даладан келгенде қолды сабынмен мұқият жуу;

— бөлмелерді жиі желдету, үнемі ылғалды жиыстыру, ауасын ылғандандыру;

— тағамға С дәрумені бар тамақтарды қолдану (клюква, итмұрын, облепиха, қарақат, лимон және басқалар);

— дәрігердің ұсынысы бойынша иммуниттетті көтеретін препараттар қолдану.

Бірінші және ең бастысы науқас адам қоршаған ортаға қауіп туғызатынын  білуі қажет, өйткені тұмау – ұжымдық ауру. Науқасты жеке бөлмеге оқшаулап, дәрігерді үйге шақыртып және оның барлық ұсыныстарын орындау қажет, себебі тұмаудан кейінгі асқынулар әсіресе тыныс алу органдары жағынан (пневмония, бронхит және басқалар) аурудың созылмалы түріне ұласады, ұзақ еңбекке жарамсыздыққа әкеледі.

Назар аударыңыз! Өзіңізді үй жағдайында емдемеңіз! Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде білікті медициналық көмек алу үшін дәрігерге жүгініңіз!!!

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары – Муликова Неили Орынбасарқызы

Comments (0)
Add Comment