Тұман, көктайғақ, жел: 9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

9 ақпанда еліміздің 13 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, тұман болады. Қызылордада да кей уақыттарда көктайғақ, тұман болады деп болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең шығыста, облыстың таулы аудандарында тұман болады.

 

turkystan.kz

Comments (0)
Add Comment