Туған өлкем

Жастардың бойындағы туған өлкеге деген сүйіспеншілік, туған өлкені танып білуге деген құлшынысты ояту, отансүйгіштік рухы жоғары, белсенді, талантты жастарды анықтау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Туған өлкем» бейне-роликтер байқауы өз мәресіне жетті.
Жастар орталығының ұйытқы болуымен өткен байқауға жалпы саны 34 өтінім парағы келіп түсіп, бекітілген комиссия құрамы қатысушылардың бейне — роликтерінің ережеге сәйкестігін қарап, шешім шығарды.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова, Жастар орталығының директоры Мұхтар Қазбаев сөз сөйлеп, жарыстың маңыздылығына тоқталды. Шығармашылық жұмыстары Ереже талаптарына сай келген байқау қатысушылары ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған жүлделерге ие болды. Сондай-ақ, басқа да байқауға қатысқан оқушыларға Алғыс хаттар мен түрлі аталымдар бойынша марапаттар берілді.

 

Байзақ ауданы әкімдігі

 

Comments (0)
Add Comment