ТОЙ МӘДЕНИЕТІ – ҰЛТ МӘДЕНИЕТІ

Той — қазақтың қазынасы. Бар жиғанын қуанышқа, жақсылыққа балап той қылып өткізу — халқымызға біткен асыл қасиет. Алайда, уақыт өте келе тойды өткізу бәсекелестік пен дарақылыққа айналып, ұлттық құндылықтар жоғалып бара жатқаны жасырын емес.
Осы орайда, аудандық «Коворкинг» орталығында «Той мәдениеті — ұлт мәдениеті» атты кездесу жиыны өтті.
Дөңгелек үстелге Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры, журналист Жасұлан Әбдіхалық, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандағы той саласында жүрген асабалар мен жастар қатысты.
Жиында сөз алған Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры, журналист Жасұлан Әбдіхалық той мәдениеті жөнінде мол ақпараттар бере отырып, тойдың қалай өту керектігіне тоқталды. Сондай — ақ, арнайы комиссия құрып, тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жасау қажеттігін жеткізді. Бұл ретте облыста арнайы комиссия құрылғанын да айта кеткен жөн.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы да ауданда той мәселесі, жалпыұлттық тәрбие мәселесі төңірегінде атқарылған жұмыстарды айта отырып, алдағы уақытта ардагерлер кеңесі, жастар болып бірге жұмыс жасауды ұсынды. Кездесуге қатысқандар тойға қатысты ұсыныс — пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.
Comments (0)
Add Comment