Кеше Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы барысында 3 мәселе қаралды, атап айтқанда:
- Алдағы қысқы мерзімді қауіпсіз өткізу;
- тіршілікпен қамтамасыз ету және көлік коммуникациясы нысандарының дайындығы;
- жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй секторында өрттер мен жарақаттану, улы газбен улану оқиғаларының алдын алу:
Қаралған мәселелер бойынша жауаптылар баяндамасы тыңдалды.