Төрт күміс: қазақстандық спортшылар Болгариядан жүлделі оралды

Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен «Дан Колов – Никола Петров» атындағы халықаралық турнирде Қазақстан қыздары 4 күміс медаль еншіледі деп хабарлады turkystan.kz.
Олар, 55 келі салмақта Айнұр Әшімова,  50 келіде Светлана Анкичева, 53 келіде Алтын Шағаева және 57 келіде Нилуфар Раймова.
Айта кету керек Алтын Шағаева мен Нилуфар Раймова екеуі де жастар арасындағы әлем чемпионатында медаль алған. Нилуфар 2021 жылы Нилуфар чемпион болса, 2022 жылы Алтын жастар арасында әлем чемпионатының күмісін алған болатын. Биыл екеуі де өз салмақтарында Қазақстан чемпионы атанған еді.

 

https://turkystan.kz/article/215628-tort-kumis-kazakstandyk-sportshylar-bolgariyadan-zhuldeli-oraldy/

Comments (0)
Add Comment