Төреғали Төреәлінің қарындасы екінші рет ана атанды

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі екінші сәбиін дүниеге әкелді

Бұл қуанышты жаңалықты блогер бүгін жария етті. Сәбидің есімі мен басқа да мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

«Қош келдің өмірге балапаным. Көп күттірмей Аллам тағы да ата-ана атануды нәсіп етіпті. Тілеп, күтіп жүрген барша жанға жұғысты болсын! Құттықтауларыңызды қабылдаймыз», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары жас анаға денсаулық, ал жаңа туған нәрестеге ұзақ ғұмыр мен бақыт тілеп, жылы лебіздерін білдіруде.

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын Дина Төреәлі алғаш рет Ерманби есімді ұлдың анасы атанған.

фото:https://malim.kz/article/show-business/toregali-torealinin-qaryndasy-ekinsi-ret-ana-atandy-27002?fbclid=IwY2xjawHKZ-dleHRuA2FlbQIxMQABHeDQeKhegRRZZEkYYeP_UEByncPFNG-Cr8N-5-DWBYWrSycANnUmIGmrpg_aem_7rg62IxXfMzM714lh56bgw

Comments (0)
Add Comment