Талдықорғандық «Тұран» командасы мен Шымкент құрамасы арасындағы ойын нәтижесі 4:1 есебіне тең болды. Сондай-ақ, Шымкент құрамасының 4-нөмірлі ойыншысына өрескел қателігі үшін қызыл қағаз көрсетілді.
Ширек финалға «А» тобынан 7 ұпаймен «Ақмешіт» командасы 1 орынмен шықса, 6 ұпаймен 2 орында «Блогерлер» командасы көш бастады.
«В» — тобы бойынша 1 орынмен алға тартқан «Хабар» болса, 2 орын 6 ұпаймен Түркістан облысына бұйырды. 4 ұпаймен 3 орынға ілінген «Ернияз» командасы болды.
«С» тобынан 6 ұпаймен топ жарған «Тұран» командасының ойыншылары болса, «Тараз – Пресс» 5 ұпаймен 2 орынға шықты. Үшінші орыннан көрінген «Апорт» ойыншыларының ұпайы 4 санын көрсетті.
Еске сала кетейік, 30 тамыз – Конституция күнінде Тараз төрінде облыс әкімінің кубогы журналистер арасында турнир өтетінін жариялаған болатынбыз.