Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің 5513 әскери бөлімімен ағымдағы жылдың 1-тоқсаны бойынша бірлесіп атқарылған жұмыстарының қорытындысы жедел кеңесте тыңдалды. Атқарылған жұмыс нәтижесі негізінде және Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79-жылдығы мерекелеріне орай, өз қызметтік міндеттерін жоғары дәрежеде орындап, адал еңбегімен қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін №59мекемесі бастығының грамотасымен 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері марапатталды.
Егемен елдің отынын сөндірмейтін және біздің қорғаныс жүйемізді қолдайтын Қазақстанның барлық азаматтарын келіп жеткен мерекемен құттықтаймыз!