Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді деп хабарлады turkystan.kz БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.
«Жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, полицейлерге, әскери қызметшілерге, коммуналдық және басқа да салалардағы азаматтарға алғыс айтамын», – делінген хабарламада.
https://turkystan.kz/article/209054-tokaev-zhana-zhyl-tuninde-zhumys-istegen-kazakstandyktarga-algys-aytty/