Тоқаевтың айтуынша, Шарманов – өз ғұмырын елге арнаған ерек тұлға.
«МеткиБүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған Төрегелді Шарманұлы бар күшін отандық медицинаны дамытуға жұмсады. Ол барлық жігерін отандық медицинаны дамытуға сарп етті, көптеген пайдалы және игі істердің бастаушысы болды. Оның арқасында Қазақстанда тағамтану ғылымының көкжиегі айтарлықтай кеңейді”, – деді президент.
Сөзінше, Шарманов дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық құрылымдармен ынтымақтастық орната алған. Жаңа ғылыми мектеп қалыптастырып, шәкірттердің тұтас бір галактикасын тәрбиеледі дейді.
“Төрегелді Шарманұлының жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады», – делінген Ақорданың жеделхатында.
Еске салсақ, Төрегелді Шармановтың көз жұмғаны айтылды.