Тоқаев келісімшарты біткенін айтып, мәлімдеме жасады

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Жомарт Тоқаев «Жетісудан» кететінін мәлімдеді деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы мансабымдағы ең қиын маусым туралы айтып, жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

«Менің «Жетісу» ХҚК-мен келісімшартым аяқталды. Бірінші кезекте, команда басшылығына, жаттықтырушылар штабына және командадағы балаларға, ең бастысы жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Бұл менің мансабымдағы ең қиын маусымдардың бірі болды. Бірақ бәріне қарамастан, қолдан келгенше тырыстық. Өкінішке қарай, ойдағыдай болмаған сәттер болды. «Жетісу» ХҚК-на жаңа маусымда табыс, ал жанкүйерлерімізге шыдамдылық тілеймін! Рақмет Жетісу! Рахмет Талдықорған! Мен мықты болып ораламын», – деп жазды Тоқаев Instagram парақшасында.

 

https://turkystan.kz/article/224284-tokaev-kelisimsharty-bitkenin-aytyp-melimdeme-zhasady/

Comments (0)
Add Comment