Тоқаев Головкинді қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке Ұлттық олимпиада комитетінің атқарған жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

Геннадий Головкин спорт инфрақұрылымын жақсарту, қазақстандық спортшыларды тыңғылықты даярлау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтеру жөнінде салалық министрлікпен бірге қабылданған шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰОК алдында олимпиадалық спорт түрлерін ілгерілету мен күшейту бойынша маңызды міндеттер тұрғанын жеткізді.

Президенттің айтуынша, құрама командаларымыздың әлемдік бәсекелердегі нәтижелерін арттыра түсу қажет. Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) Олимпиада комиссиясының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады.

Еске салайық, биыл 24 ақпанда Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды.

2024 жылы 29 ақпанда Президент Тоқаев Головкинмен кездесіп, Париж олимпиадасы туралы талқылаған еді.

Ж. Қадыржанова

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

https://massaget.kz/news/tokaev-golovkind-kabyildadyi-121690/?fbclid=IwY2xjawHDyMxleHRuA2FlbQIxMAABHfdkrEKqgOIdCcPTVkqi5kANLmfMGws9l0yUzlms5f5X8BYQF5WqMyKq_A_aem_lZVCqGT6qGDdDzEeQojueA

Comments (0)
Add Comment