Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған жоспарына қолдау білдірді

Ақорда

https://turkystan.kz/article/271455-toqaev-aqs-prezidenti-donald-tramptyn-ukrainadagy-axualdy-retteuge-bagyttalgan-zosparga-qoldau-bildirdi
Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті мен Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның ездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігеріне және ұсынған жоспарына қолдау білдіретінін жеткізді.

Мемлекет басшысының айтуынша, тараптар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, екі елдің көптеген түйткілге қатысты ұстанымдары ұқсас екенін растаған.

– Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда АҚШ Президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігерін және ұсынып жатқан жоспарын қолдаймын. Сондай-ақ Қазақстан Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік жолындағы ортақ ұмтылысын толық қолдайды, – деді Президент.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/271455-toqaev-aqs-prezidenti-donald-tramptyn-ukrainadagy-axualdy-retteuge-bagyttalgan-zosparga-qoldau-bildirdi

Comments (0)
Add Comment